• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 17 Мамыр, 2024

«Байқоңыр» ғарыш айлағында жаңа өндіріс іске қосылады

124 рет
көрсетілді

Қазақстанда «Байқоңыр» ғарыш айлағы аумағында 300-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл туралы Үкімет басшысы Олжас Бектеновтың депутаттық сауалға берген жауабында айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«2022 жылғы 2 желтоқсандағы «Байқоңыр» кешені бойынша үкіметаралық комиссияның 8-ші отырысының хаттамасын орындау аясында ресейлік тарап жалға алушылар тізімінен шығаруға ұсынылған 234 нысанның тізімін ұсынды. Олардың негізінде 300-ге жуық жаңа жұмыс орнын ашу арқылы өндірісті ұйымдастыру жоспарлануда», деді О.Бектенов.

Премьер-министр Үкіметтің 2023 жылғы 28 наурыздағы қаулысымен ғарыш саласын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілгенін, онда белгіленген технологиялық базаның тиімділігін арттыру, өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыру сияқты негізгі тәсілдер қарастырылғанын атап өтті. 

Саланы дамытудың стратегиялық міндеттерін Аэроғарыш комитеті жүзеге асырады, оған реттеу, іске асыру және бақылау бойынша қажетті функциялар берілген. Ғарыш саласын дамыту бойынша жұмыстың негізгі бағыты – мемлекеттік тапсырыстар есебінен республикалық бюджеттен қаржыландырылатын елеулі және капиталды қажет ететін жобаларды жүзеге асыру.

«Ғарыш саласын қаржыландырудың жаңа тәсілі ретінде инвестициялық қор ашу мүмкіндігі талқыланып жатыр. Алайда бұл мәселе егжей-тегжейлі зерттеуді қажет етеді», деп қосты Олжас Бектенов.

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті