• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 17 Мамыр, 2024

Керек дерек

42 рет
көрсетілді

Елімізде «eGov mobile» мобильді қосымшасы арқылы интернет желісін қосатын ыңғайлы сервис іске қосылды. Цифрлық даму, инновациялар, аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәлімдемесі бойынша, бұл ин­новациялық жүйе «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бір­лесе әзірленген. Енді қызметті қалай пайдалануға болады? Әуелі қосымшаның «Сер­вистер» бөліміне өтіп, содан соң «Интернетті қосу» тар­мағын таңдайсыз. Сосын қажетті тарифті таңдаған соң, «Өтініш беру» түймесін басып, деректерді растасаңыз, «Сіздің өтінішіңіз қабылданды» деген хабарлама келеді. Ал егер үйіңізде оптикалық желілер болмаса, оператор мамандары балама қосылым опцияларын ұсыну үшін бір сағат ішінде хабарласады. Осылайша, интернетті қосу үдерісі еліміздегі әр азамат үшін барынша ыңғайлы және қарапайым бола түсті.