• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экология 20 Мамыр, 2024

Балқашта су деңгейі 8 см-ге көтерілді

140 рет
көрсетілді

Трансшекаралық Іле өзенінен Балқаш көліне су жіберу жалғасып жатыр. Осыған байланысты Балқаштағы су деңгейі 8 сантиметрге көтерілді. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Бұған дейін Балқашта су деңгейі 15 сантиметрге көтеріліп, 1 сәуір күні жалпы мөлшері 174 см-ге жеткен еді. Қазір бұл көрсеткіш 182 см-ге жетті.

Осылайша, жыл басынан бері Балқаштағы су деңгейі 23 см-ге артты.

«Балқаш көліндегі су деңгейін анықтау үшін 4 гидробекетте: Сарышаған, Қарақұм, Балқаш және Мыңаралда бақылау жүргізіледі. Сонымен қатар БҚО-ның Қамыс-Самар көлдеріне 80 млн текше метр су барды, Каспий теңізіне тағы 200 млн текше метр су жіберілді, Ұлытау облысынан Қызылорда облысының ауылшаруашылық алқаптарына су жіберу жалғасып жатыр», деді ведомствоның ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.