• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Мамыр, 2024

Су тасқыны басталғалы бері Құлсарыға 1 мың тонна гуманитарлық көмек жеткізілді

100 рет
көрсетілді

Су тасқыны басталғалы бері Жылой ауданына 1 мың тонна гуманитарлық көмек жеткізілді. Бұл мәліметті Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Облыста су тасқыны қаупі әлі де сақталып отыр. Осыған байланысты аймақта волонтерлік қызмет те тоқтаған жоқ. 

Жылой аудандық гуманитарлық көмек орталығында 60-қа жуық ерікті тұрғындарға азық-түлік таратуға жұмылдырылған.

Құлсары қаласындағы еріктілер штабының жетекшісі Жанаргүл Шарғабаеваның айтуынша, бүгінде пунктте азық-түлік қоры жеткілікті.

«Халыққа азық-түлікті кесте бойынша таратамыз. 500-ге жуық отбасын барлық қажетті заттармен қамтамасыз етіп отырмыз. Қазір 20 тонналық фурамен Атыраудан гуманитарлық көмек келді, оларды 4 пункт арқылы таратамыз. Бүгінгі таңда ұн, мұздатылған құс етінің, жұмыртқа, жарманың, жаялық пен төсек жабындысының қоры жеткілікті. Ұзақ сақталатын азық-түлік, гигиеналық құралдар мен тұрмыстық химиялық заттардан тұратын гуманитарлық көмек Жылыойға облыс орталығынан келіп жатыр», деді Жанаргүл Шарғабаева.