• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 20 Мамыр, 2024

Иран Президенті Ибрахим Раиси тікұшақ апатынан көз жұмды

240 рет
көрсетілді

Иранның сегізінші Президенті Ибрахим Раиси тікұшақ апатынан қайтыс болды. Тікұшақ елдің солтүстік-батысындағы Шығыс Әзербайжан провинциясының Варзакан аймағында құлады, деп хабарлайды Egemen.kz IRNA агенттігіне сілтеме жасап.

Кеше, 19 мамырда Раисидің тікұшағы басқа екі тікұшақпен бірге Тебриз қаласына бет алған еді.

Шетелдік БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, тікұшақ бортында Жоғарғы Көшбасшының өкілі және Тебриз жұма намазының имамы, Сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиян, Шығыс Әзербайжан губернаторы Малек Рахмати, Президенттік қауіпсіздік бөлімшесінің қолбасшысы генерал Сейед Махди Мусави және басқа да экипаж мүшелері болды.

Апат орнында болған жергілікті шенеуніктер Раиси мен оның экипажы мерт болғанын растады.

Иран үкіметі жақын арада ресми мәлімдеме жасайтыны қоса хабарланды.