Тасқын қауіпі төнген жағдайда тұрғындарды қауіпсіз жерлерге көшіру мақсатында Атырау қаласында 94 эвакуациялық пункт дайындалды. Сыйымдылығы - 10 250 орын. Бұл туралы облыстың Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Уақытша паналау бекеттеріне қажетті төсек-жабдық мен кереуеттер жеткізілді.
Төтенше ахуал туындаған жағдайда қала бойынша белгіленген арнайы бекеттер тұрғындарды кедергісіз қабылдай алады.
Паналау бекеттерінің мекенжайы 2gis.kz қосымшасында қолжетімді.