Қытай Халық Республикасының 5 университетінде «Қазақ тілі» мамандығы ашылды. Бұл туралы Қытай Сыртқы істер министрі Ван И айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еске салайық, бүгін Астанада Қазақстан мен Қытай Сыртқы істер министрлері келіссөздер жүргізді.
«Қазіргі таңда Қытайда 10 мыңнан астам Қазақстан азаматы жоғары оқу орындарда білім алып жатыр. Сондай-ақ Қытайдың 5 университетінде «Қазақ тілі» мамандығы ашылды», деді ҚХР Сыртқы істер министрі Ван И.
Сонымен қатар Қытай министрі Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режимнің маңыздылығын атап өтті.
Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,
ЕҰУ студенті