Зеренді ауылындағы мектеп оқушыларына тамақ қалдықтары ұсынылғаны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Осы оқиғаға байланысты Ақмола облысы Білім басқармасы ресми мәлімдеме жасады.
Зеренді аудандық білім бөлімінің мәліметінше, қазір бұл мәселе ерекше бақылауға алынған.
Ақмола облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Зеренді аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөліміне Зеренді ауылындағы №1 орта мектептің асханасына жоспардан тыс тексеру тағайындау туралы сұраныс жіберілді.
«Майданов» жеке кәсіпкер атына келісімшартты мерзімінен бұрын бұзу туралы ұсынысты қарау туралы хабарлама жолданды. Себебі білім бөлімінің қазіргі уақытта санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен тексеру жасамай, біржақты тәртіпте келісімшартты бұзу мүмкіндігі жоқ. Бүгінгі таңда мобильді топ білім беру және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті желісі арқылы қызметтік тексеріс бастады», делінген облыстық білім басқармасының хабарламасында.
Егер тексеріс нәтижелері бойынша фактілер расталса, онда «Майданов» ЖК-мен тамақтану қызметін көрсету туралы шарт тоқтатылады. Жауапты тұлғалар заңда белгіленген тәртіппен жазаланады.