• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Мамыр, 2024

Өзіміз отырып, шай ішейік: АҚШ елшілігінің бейнежазбасы көпшілікті сүйсіндірді

130 рет
көрсетілді

Халықаралық шай күніне арналған қысқа ғана бейнежазба әлеуметтік желілерде тарап кетті, деп жазады Egemen.kz.

Бұл бейнежазба АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің Instagram-парақшасында жарияланған.

БҰҰ Бас Ассамблеясының 2019 жылғы желтоқсандағы қарарымен 21 мамыр - Халықаралық шай күні (International Tea Day) деп бекітілген. Ал Қазақстанда шай ең танымал сусын саналады.

Қысқа бейнероликте АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм Астанада қонақтарды қалай қарсы алғаны, содан кейін іскерлік кездесуден кейін шығарып салғаны көрсетіледі. Әрі қарай ол еліміздің кез келген азаматына түсінікті сөз тіркесін айтады.

- Ал енді өзіміз отырып, шай ішейік, - дейді Дэниел Розенблюм күлімсіреп.

Елшілік Қазақстанда шайдың жай сусын емес екенін атап өтті.

- Бұл қонақжайлылық, достық пен дипломатияның символы. Халықаралық шай күні құтты болсын! – деп құттықтайды елшілік.

Жазбаға қазақстандықтар түрлі пікір қалдырып, бұл жақсы үрдіс екенін айтқан.