Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде №31 мектеп-гимназиясының 7Д сынып оқушысы Ақан Әкімжанов 5 жасар баланы биіктен құлаудан сақтап қалды, деп жазады Egemen.kz.
20 мамыр күні батыл оқушы 4-қабаттың балкон қоршауына ілініп тұрған баланы құтқарып қалды.
Аулада ойнап жүрген Ақанға қауіпті көріністі қасындағы жасы кіші балалар айтқан.
Ол бірден кіреберіске жүгіріп барып, 4-қабатқа жетіп, бес жасар баланы аман алып қалды.
Астана қаласы әкімдігінің сайты бүгін Ақан Әкімжановтың марапатталғанын хабарлады.