Батыс Қазақстан облысы сотының баспасөз қызметі Бәйтерек аудандық соты жергілікті тұрғынды әкімшілік жауапкершілікке тартқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жергілікті тұрғын процеске қатысушы ретінде сотқа шақырылған, алайда ол мас күйінде болғаны анықталды.
«Азамат қылмыстық іске қатысушы бола отырып, істің қаралатын орны мен уақыты туралы алдын ала, тиісті тәртіпте хабардар етіліп, сотта белгіленген тәртіп пен соттың қалыпты қызметін бұзып, сотқа мас күйінде келді. Бұл істі уақтылы қарау мүмкін болмай, кейінге қалдырылды, қамауға алынған азамат сотқа құрметсіздік танытты», делінген Батыс Қазақстан облысы сотының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Сот тұрғынды Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 653-баптың 1-бөлігі «Сотты құрметтемеушілік» бойынша кінәлі деп танып, екі тәулікке әкімшілік қамаққа алу туралы үкім шығарды.
Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,
ЕҰУ студенті