Соңғы уақытта қаскөйлер өздерін медицина мамандары ретінде таныстырып, WhatsApp-қа қоңырау шалып немесе хабарлама жазып жатыр. Сізге диспансерлеу, флюорографиядан өту ұсынылады.
«Ыңғайлы күнді таңдап, тіркелу үшін SMS-арқылы келген сандарды айтуды сұрайды. Ешқандай жағдайда кодты айтпаңыз! Алаяқтар сіздің жеке кабинеттеріңізге қашықтан кіріп, дербес деректерді иемдену арқылы несие рәсімдей алады. Бұлар бұрын банктің қауіпсіздік қызметкерлері немесе полиция қызметкерлері болып хабарласқан алаяқтар. Осы туралы жақындарыңызға, әсіресе, егде жастағы адамдарға айтыңыз», - деді ІІМ баспасөз қызметінен.