• RUB:
    5.05
  • USD:
    450.79
  • EUR:
    482.21
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Мамыр, 2024

Qazaq Air әуе компаниясының жаңа иесі белгілі болды

55 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Сингапур бизнес форумының жабылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының айтуынша, ұзақ уақыт бойы географиялық шалғайлық пен байланыстардың жеткіліксіздігі экономикалық өзара іс-қимылға кедергі келтірді. Бүгінде жаһандану мен инфрақұрылымның дамуының арқасында елдер бұрынғыдан да бір-бірімен байланысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық ҚТЖ компаниясы мен сингапурлық PSA International компаниясы арасындағы Транскаспий халықаралық көлік бағытының әлеуетін кеңейтуге бағытталған синергетикалық серіктестіктің мысалын келтірді.

«Бұл бағыт еуразиялық ынтымақтастық деңгейін түбегейлі өзгертуі мүмкін. Бұл Орталық және Шығыс Азиядан Еуропаға дейінгі ең қысқа және тұрақты жол. Біз сингапурлық компаниялар мен қаржы институттары осы саладағы іскерлік және инвестициялық мүмкіндіктерді зерттеу арқылы үлкен пайда таба алады деп сенеміз. Мен сондай-ақ Qazaq Air әуе компаниясын вьетнамдық SOVICO Group компаниясының жекешелендіруін құптаймын, бұл Қазақстан мен АСЕАН елдері арасындағы әуе қатынасын арттырады», деді ел Президенті.