«Жолаушылар тасымалы» АҚ мәліметінше, 2024 жылдың бірінші тоқсанында 70 мыңнан аса әйел «Әйелдер вагоны» қызметін қолданған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп.
Әйелдер вагоны тағы үш бағытта пайда болады:
№ 354/353 Астана – Семей, № 24/23 Актобе – Алматы, № 25/26 Алматы – Шымкент.Қазіргі уақытта 8 бағытта әйелдер вагоны қатынап жүр:
№ 77/78 Алматы – Маңғыстау; № 351/352 Алматы – Өскемен; № 45/46 Павлодар – Түркістан; № 37/38 Маңғыстау – Семей; № 47/48 Атырау – Астана; № 33/34 Ақтөбе – Алматы-1; № 4/3 Астана – Алматы-2; № 71/72 Астана – Шымкент.