• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Мамыр, 2024

Талдыкөл тұрғындары Атырауға қайықпен қатынайды

149 рет
көрсетілді

Атырау облысы, Махамбет ауданындағы Талдыкөл ауылында жолды су басуына байланысты тұрғындарға қайық тасымалы ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.

Талдыкөлде тасқын деңгейі көтеріліп, ауылға кіретін жолды су басып кетті. Осыған байланысты, Атырау қаласымен қатынасын үзбеу үшін, ТЖД мамандары қайық арқылы тасымалдау қызметін ұйымдастырды.   Бейбарыс ауылдық округінің әкімі Сейілбек Зұлхашев қазіргі уақытта Талдыкөл ауылын су басу қаупі төніп тұрған жоқ екенін алға тартты. Қосымша бекіту жұмыстары үзіліссіз жүргізіліп жатыр. «Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, Талдыкөл ауылында Қорғаныс министрлігінің 59 сарбаз, Төтенше жағдайлар министрлігінің 17 қызметкері және арнайы техникалар жұмылдырылған»,  Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабының ақпаратында. Еске салайық, бұған дейін Талдыкөл ауылынан алдын ала 207 тұрғын Атырау қаласындағы эвакопунктке көшірілді. 422 адам өз қалауымен туыстарының үйіне орналасты.