Транскаспий халықаралық көлік бағыты жолы Қытай арқылы өтеді. ҚТЖ Транскаспий халықаралық көлік бағыты аясында цифрлық дәліздің іске қосылғаны туралы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
«Қазақстан темір жолы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, «KTZ Express» акционерлік қоғамы Global DTC Pte Ltd. Қытайдан Еуропалық Одақ елдеріне Қазақстан бойынша теміржол арқылы өтетін тауарларға электронды кедендік ресімдеуді енгізіп жатыр.
Жобаның ресми тұсаукесері 2024 жылғы 23 мамырда Сингапурде Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ.Тоқаевтың қатысуымен өткен Қазақ - Сингапур Бизнес - форумында өтті.
«Тараптар Транскаспий халықаралық көлік бағдарында Tez Customs цифрлық платформасының тиімді жұмысын қамтамасыз ету бойынша бірлескен іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр. Бұл платформа Қытайдан Орталық Азия елдеріне тауарларды электронды кедендік декларациялау мүмкіндігін береді», делінген 24 мамырдағы хабарламада.
Ұлттық компания сондай-ақ бірлескен бастама көлік логистикасын дамытудың, кедендік ресімдеу процесіне цифрлық технологияларды енгізудің жаңа перспективаларын ашатынын, бұл тасымалдаудың тиімділігі мен ашықтығын арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Алтынай АБДЫШ,
ЕҰУ студенті