• RUB:
    5.35
  • USD:
    467.29
  • EUR:
    501.03
Басты сайтқа өту
Бокс 24 Мамыр, 2024

Олимпиадаға жолдама: Қазақ боксшылары Бангкок рингіне қашан шығады?

762 рет
көрсетілді

23 мамыр күні Таиланд астанасы Бангкокте олимпиада жолдамасы үшін шаршы алаңға шығатын отандастарымыздың алғашқы айналымдағы қарсыластары анықталды, деп жазады Egemen.kz Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап.

Олимпиадаға лицензия үлестіретін салмақты сайыстың шымылдығы бүгін түрілді. Алайда ел спортшылары жеребе нәтижесінде 25 мамырдан бастап бәсекеге қосылады.

Бокстан Қазақстан құрамасының Бангкоктағы бірінші жекпе-жектерінің кестесі: 

25 мамыр:50 кг-ға дейін. Назым Қызайбай - Николь Дурикова (Словакия)

26 мамыр:63,5 кг дейін. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы - Кристиан Лоренте (Филиппин)

27 мамыр:60 кг дейін. Римма Волосенко - Мария Ганглбауэр (Германия)75 кг дейін. Валентина Хальзова - Каролина Махно (Украина)

28 мамыр:54 кг дейін. Ұлжан Сәрсенбек - Шара Мэй Патрисио (АҚШ)

29 мамыр:66 кг дейін. Наталья Богданова - Кристина Кулухова (Сербия).