Өр суының қарқындануына байланысты, аталған жолдың Атырау қаласына кіреберіс тұсында көліктің барлық түрі бойынша қозғалыс тоқтатылды, деп жазады Egemen.kz.
Облыстың ТЖ жөніндегі жедел штабы мәлім еткендей, Орал қаласы, Индер, Махамбет аудандарынан Атырау қаласына қатынау үшін, Махамбет - Хамит Ерғалиев ауылы (Исатай ауданы) арқылы «Атырау - Астрахань» трассасы балама қатынас жолы арқылы байланыс бар. Еске салайық, көлік қозғалысына «Атырау-Орал» трассасының 71 шақырымы және Сарайшық ауылы тұсы жабық тұр.