• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Білім 24 Мамыр, 2024

Қанша түлек ҰБТ-да шекті балл жинай алмады?

173 рет
көрсетілді

Алғашқы негізгі ҰБТ-ның аралық қорытындылары белгілі болды. 30 мыңнан астам үміткер тестілеуден өтті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

16 мамырда басталған негізгі ҰБТ-2024-тің бірінші аптасы аяқталды. Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлағандай, негізгі ҰБТ басталғалы 30 мыңнан астам түлек сынақтан өтті. Оның ішінде талапкерлердің 69 пайызы қазақ тілінде, 31 пайызы орыс тілінде, 40 адам ағылшын тілінде тапсырған.

«ҰБТ басталғалы бері шекті ұпайды талапкерлердің 71 пайызы жинады. Орташа баллға келетін болсақ, ол 64 баллды құрады. Ең жоғары балл – 136», деп атап өтті министрлік.

Осылайша, тестілеуден өткендердің шамамен 29 пайызы шекті баллға жете алмады, бұл шамамен 8700 адам.

Естеріңізге сала кетейік, тестілеуге қатысуға барлығы 186 мың талапкерден 342 мыңға жуық өтініш қабылданған. Қазіргі уақытта тестілеуге қатысушылардың ең көп саны, яғни 20 пайызы «Шығармашылық емтихан», 18 пайызы «математика-физика» пәндерінің қосындысынан өтті. Тест тапсырушылардың 11 пайызы «Математика-информатика» комбинациясын таңдаған. Химия-физика комбинациясына ең аз басымдық берілген - 45 адам.