Қазақстан тұрғындарына экс-премьер-министр Әлихан Смайыловтың атынан хабарламалар түсіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қазір ол басқарып отырған Жоғарғы есеп палатасы мұны фейк деп атады.
Палатаның баспасөз қызметі хабарлауынша, алаяқтар Әлихан Смайыловтың атынан жалған нөмірлер арқылы азаматтарға хат жазып жатыр.
- Біз азаматтарға бұл адамдармен байланысқа шықпауды және күмәнді веб-ресурстар сілтемесіне өтпеуді ескертеміз, - деп жазды палата.