• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
«Таза Қазақстан» 24 Мамыр, 2024

Атбасарды айнадай етіп тазалады

73 рет
көрсетілді

«Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйым­дас­­ты­рылған шаруаға Ат­басар қаласының тұр­ғынд­ары бір адамдай атсалыс­ты. Қаладан 365 тонна тұр­мыстық қалдық шығарылып, Жабай өзе­нінің жағалауы ұқыпты қолдың табымен түрленіп, сыланып шыға келді.

Ортақ іске табиғат жа­нашырлары, қо­ғам белсенділері, қала­дағы кәсіпорындар мен меке­мелердің өкілдері қатысты. М.Әуе­зов, І.Есенберлин, Ағыбай батыр көшелерінің бойы, өзен жа­ғалауы, жаз айларында жұрт шомылатын жағажай мұнтаздай тазартылды. Қаланың орталығына лүп еткен самал желмен тербелетін раушан гүлі мен сәндік бұталар егілді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, бірлесе істеген соң тілегі бір жандардың алдындағы шаруа үркіп тұрмай ма? Атбасар аграрлық индустриялдық кол­леджінің, жастар ресурстары орталығының өкілдерімен қатар, еріктілер де қаланың сымбатын келтіруге белсене кірісті.

– Бүгін өте қуаныштымын. Қаладағы еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін жұмылып елдің бірлігін көрсетті. Көктемгі су тасқыны кезінде сәл бүлінген Жабай өзенінің жағалауы бағзы көркін тапты. Тұрған жеріңнің, туған өлкеңнің таза болғанына не жетсін, – дейді аудандық ар­дагерлер кеңесінің төрағасы Са­быржан Мұсабеков.

2 мыңға жуық адам жұмыс істегеннен кейін нәтижелі болары хақ. Акцияның басында ондаған тонна тұрмыстық қал­дық шығарылған еді. Ал соңғы күні қала көшелерінде көлденең жатқан бір бұрау қағыс қалған жоқ. Бүгінгі шаруа ел ішіндегі ауызбірліктің мықты екенін көр­сетіп тұрғандай. Тағы бір айта кетерлігі, ауданда 1 613 көшет отыр­ғызылды. Қарттар үйінің ау­ласы тазаланды. Ең бастысы, осындай ілкімді іс бір сәттік нау­қан ғана емес, тұрақты дәстүрге айналмақ.

 

Ақмола облысы,

Атбасар ауданы