• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Үкімет 25 Мамыр, 2024

Күн тәртібі нақтыланды

62 рет
көрсетілді

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды. Алдағы жалпы отырыста Мәжіліс Қазақстан мен Қытай Халық Республикасының Үкіметтері арасындағы бірқатар келісімді ратификациялайды.

Халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісім көлік-транзиттік және сауда-эконо­мика­лық қатынастарды одан әрі дамытуға бағытталған.

Ал Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту жөніндегі келісім Транскаспий халықара­лық көлік бағыты бойынша муль­ти­­мо­дальды тасымалдарды дамы­ту­ды көздейді. Бұл Қазақ­стан мен Қытай аумақтары бо­йынша жүк­терді тасымалдау үшін қо­лайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Транскаспий халықаралық көлік бағытын, оның ішінде «Қытай – Еуропа» бағытындағы контейнерлік пойыздар үшін дамыту жөніндегі келісім екі елдің аумағы бойынша контейнерлік пойыздар үшін экспорттық-импорт­­тық, транзиттік тасымал­дар­­ды ұлғайту жөніндегі ынтымақ­тас­тықты одан әрі дамытуды көздейді.

Жалпы, отырыстың күн тәр­тібі жоба­сына Түркі мемле­кет­тері ұйы­мына мүше елдер­дің үкіметтері ара­сындағы халық­аралық құрам­дасты­рылған жүк тасы­малдары туралы келісім де бар. Құжат түркі мем­лекетті арасын­да теміржол, су және авто­көлік арқылы жүк тасымалдау көлемін арттыруға жол ашады.

Сонымен қатар депутаттар Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне (Балық аулау субсидиялары жөніндегі келісім) өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасын талқылайды. Оның мақсаты – дүниежүзілік мұхитқа шығатын теңіздердің балық ресурстарын заңсыз, хабарланбайтын және рет­телмейтін кәсіптік аулауға ық­пал ететін субсидияларды шектеу жолымен сақтауды қамтамасыз ету.

Депутаттар екінші оқылым­да мемлекеттік статистика және деректерді басқару мәселелері бойын­ша өзгерістер мен толық­тыру­лар енгізу туралы заң жобасын қарай­ды. Сондай-ақ Мәж­іліс коми­теті «Мемлекеттік (муни­ципалдық) сатып алуды жүзеге асыру кезінде банк кепілдіктерін өзара тану туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын жұмысқа алатын болады.