Стенд атудан Қазақстан командасының өкілі Әсем Орынбай Париждегі Олимпиада ойындарына іріктеуден өтті. Бұл туралы Олимпиадалық комитет хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әсем Орынбай әлемдік рейтинг нәтижесі бойынша жолдама иеленді. Ол рейтингтегі бірінші орнын сақтап қалды.
Айта кетелік, Әсем Орынбай «скит» бағдарламасы бойынша сынға түседі. Ал бұған дейін Мария Дмитриенко мен Эдуард Ещенко олимпиадалық іріктеуден өткен еді.