Биыл 186 000 түлек мектеппен қоштасты. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ал оқу жылының ұзақтығы 34 аптаны құрады. Бүгін 25 мамыр күні барлық ел мектептерінде соңғы қоңырау соғылды.
Министрлік мәліметінше, жаңа 2024-2025 оқу жылында бірінші сыныпқа 370 мыңнан астам бала барады деп болжанып отыр.