• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 27 Мамыр, 2024

Су тасқыны: Бес мыңнан астам адам эвакуация пункттерінде отыр

90 рет
көрсетілді

Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынына қарсы және құрғатылған үйлер мен аумақтарда дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Өткен тәулікте Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында қалған су басқан аула аумақтарынан су сору жұмыстары жалғасып жатыр. 104 870 текше метр су сорылды.

«Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласында, Индер ауданының Индербор кентінде, Махамбет ауданының Жалғансай ауылында су басқан аумақтардан 137 823 текше метр су сорылды. Жайық өзенінің су деңгейіне мониторинг жүргізілуде. Жайық өзені су деңгейінің көтерілуіне байланысты Атырау қаласында бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғасып жатыр», делінген хабарламада.

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Құйлыс және Жайсаңбай ауылдарында 3 300 қапшық төселді. Бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғасып жатыр.

Ақмола облысы Целиноград ауданының Қоянды ауылында ұзақ уақыт жауған жаңбырдың салдарынан екі жеке тұрғын үй мен 20 аула аумағын су басты. Өткен тәулікте 5 620 текше метр су сорылды. Үйлерден судың бағыты бұрылды.

Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында қуатты жылжымалы сорғы станцияларының көмегімен саяжай үйлерінен еріген қар суын сору жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Өткен тәулікте 175 320 текше метр су сорылды.

«Республика бойынша эвакуацияланған 61 966 адам өз үйлеріне оралды. 5 316 адам уақытша орналасу пункттерінде қалды. 25,5 млн артық еріген қар суы су сорылды, 8 млн артық қапшық және 1,5 млн тонна инертті материал төселді», деп хабарлады ведомство.

Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 4 237 адам, 659 техника, 249 су сору құралы және 56 жүзу құралы, 4 әуе кемесі жұмылдырылды.

Жалпы ТЖМ радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау бөлімшелері Солтүстік Қазақстан облысының 16 елді мекенінде 854 жеке тұрғын үй мен аула аумағына, Атырау облысының Құлсары қаласында 300 мыңға жуық шаршы метр аумаққа дезинфекция жүргізді.