• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Тағайындау 27 Мамыр, 2024

Алатау қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

157 рет
көрсетілді

Ренат Кенеев Алатау қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Ренат Кенеев 1984 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Абай атындағы ҚазҰПУ-ді қаржыгер мамандығы бойынша және Қонаев атындағы университетті құқықтану мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын 2007 жылы банк саласында бастаған. 2017 жылдан бастап мемлекеттік қызметке ауысып, Қазақстан Республикасы Үкіметінде және Ұлттық экономика министрлігінде жұмыс істеді.

Сондай-ақ ауылдық округ әкімі қызметін де атқарып, Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары, хаттама және сыртқы байланыс бөлімінің бас инспекторы болған.

Бұған дейін Алатау қаласының әкімі қызметіне Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының бұрынғы орынбасары Әркен Өтенов тағайындалған болатын.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті