• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 27 Мамыр, 2024

«Саламатты Қазақстан» дәрігерлері Құлсары тұрғындарына көмек көрсетті

136 рет
көрсетілді

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы 28 мамырды қоса алғанда Құлсары тұрғындарына тегін қызмет көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Бір күннің ішінде медицина қызметкерлері Құлсары қаласының 500-ден астам тұрғынына қызмет көрсетті. Қаладағы барлық эвакуациялау пункттерінде, сондай-ақ халықпен белсенді жұмыс жүргізіліп жатқан Мәдениет үйінде мобильді топтар жұмыс істеп жатыр.

Пойыз құрамында 40 маман бар, олар: медицина қызметкерлері, медиаторлар және адвокаттар. Медициналық делегация құрамында терапевт, хирург, педиатр, психолог, невропатолог, рентгенолог, кардиолог, тіс дәрігері, окулист, отоларинголог, педиатр, онколог-маммолог, гинеколог және уролог бар.

Қажет болған жағдайда мамандар шағын операцияларды жасап, жоспарлы емдеуге жолдама береді.

Еске сала кетейік, «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы 26 - 28 мамырға дейін Құлсары тұрғындарына тегін қызмет көрсетеді.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті