• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 27 Мамыр, 2024

Елімізде көлік құралдарын тексерудің бірыңғай операторы ауысты

115 рет
көрсетілді

Қазақстанда автокөліктер мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізетін бірыңғай ақпараттық жүйенің жаңа операторы бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көлік министрлігі «Жол жүрісі туралы» заңға өзгеріс енгізіп, «ҚазАвтоЖол» АҚ бірыңғай инспекция операторы болып бекітілді.

- «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы автокөлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің операторы болып белгіленсін, - делінген құжатта.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамына бұл жүйені «ҚазАвтоЖол» балансына өткізгенге дейін жүргізуді жалғастыру тапсырылды.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті