• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Мамыр, 2024

Бірыңғай уақыт белдеуін жою туралы петицияға 37 мың адам қол қойды

150 рет
көрсетілді

Билік петицияны назарға алуы үшін оны 50 мың адам қолдауы керек, деп хабарлайды Egemen.kz. 

22 сәуірде Epetition.kz платформасында Қазақстанда біртұтас уақыт белдеуін жою туралы петиция пайда болды. Құжат авторлары электр энергиясын көп тұтынудың салдарынан қаржылық шығындардың артуы мен денсаулыққа айтарлықтай зиян келтірілуіне байланысты бұрыңғы уақыт белдеуіне қайта оралуды талап етіп отыр.

«Өмірлік маңызды электр энергиясын тұтынудың орташа есепшоты 2024 жылғы 1 сәуірдегі есеп бойынша шамамен 17 000 теңгені құрады. Болашаққа болжам жасайтын болсақ, уақыттың өзгеруі бұл шығындарды айтарлықтай арттырады, әсіресе күзгі-қысқы кезеңде ыңғайсыз», делінген түсініктемеде.

Сауда және интеграция министрлігі заң бойынша талап етілетін 50 мың дауыс жинаған жағдайда петицияны қарауға уәде берді. Петиция жарияланған күннен бастап, дәлірек айтқанда 36 күн ішінде құжатқа 37 мың адам қол қойып үлгерген.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан 2024 жылдың 1 наурызынан бастап бірыңғай уақыт белдеуіне көшті. Бұған Сауда және интеграция министрлігі бастамашы болды. Шенеуніктер бұл шешімді жұмысты синхрондаумен, бүкіл ел бойынша біркелкі банктік сағаттармен және ел тұрғындарының биоритмдерін жақсартумен негіздеді. Алайда, біртұтас уақыт енгізілгеннен кейін көп ұзамай әлеуметтік желіде халық, әсіресе еліміздің шығыс өңірлерінің, Алматы тұрғындары жаппай шағымдана бастады.

 

Алтынай АБДЫШ,

ЕҰУ студенті