54 келіде елдегі спаррингтік жекпе-жектерде жеңіске жетіп, лицензиялық турнирге қатысуға мүмкіндік алған Ұлжан Сәрсенбек алғашқы айналымнан аса алмады, деп жазады Egemen.kz.
Ұлжан Сәрсенбіктің қарсыласы америкалық Шэра Мэй Патрицио болды.
Үш раундта да басымдығын дәлелдеген Шэра Мэй Патрицио Қазақстан боксшысын қапы қалдырды.
Осылайша, Париж олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынып жатқан Бангкоктегі бәсекеде алғашқы жеңіліс тіркелді.
Сәйкесінше, бокстан қыздар құрамасы сапынан 54 кг салмақ дәрежесінен ел атынан ешқандай спортшы Парижге жол тартпайды.