• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Мамыр, 2024

Атыраулық кәсіпкер құлпынайды қайықпен тасып жүр

125 рет
көрсетілді

Құлпынай өсіретін Атырау қаласы кәсіпкері Дәулет Ғарифолла су тасқыны қарапайым кәсіпкерлерге де қиындық туғызып тұрғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстың Төтенше жағдай жөніндегі жедел штабының мәліметінше оның құлпынай алқабы Жалғансай ауылы маңында орналасқан. Алқап маңайындағы жайылмалар Жайықтың суына толғандықтан, кәсіпкерлер егістік алқапқа қайықпен қатынап жүр. Кәсіпкер көктемде құлпынай егіпті, аумақты су басады деп ойламаған.

«Күніне 2-3 мәрте құлпынай тасимыз. Атырау қаласына 60-100 кг әкеліп, сауда нүктелерімізде сатамыз», дейді кәсіпкер.

Кәсіпкердің айтуынша, құлпынай алқабына бөлінген жердің жалпы аумағы 50 га құрайды, тасқынға байланысты биыл 0,5 га жерге ғана жеміс еккен.