• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 29 Мамыр, 2024

Адам өліміне күдікті азамат Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды

95 рет
көрсетілді

Бүгін Бас прокуратураның қызметкерлері Қазақстан азаматын адам өлтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Ресейден экстрадициялады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

«Ол 2023 жылы қаңтарда Шымкент қаласында алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адаммен кісі өлтірген. Күдіктінің сыбайластары түрлі жаза бойынша сотталды, ал фигурант қылмыс жасағаннан кейін жасырынуына байланысты халықаралық іздестіруге жарияланған. Өткен жылғы желтоқсанда ол Ресей Федерациясының аумағында ұсталды», деп хабарлады Бас прокуратура. 

Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша ресейлік тарап күдіктіні Қазақстан Республикасына экстрадициялау туралы шешім қабылдады.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Айыпталған қылмысты жасағаны үшін он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру немесе өмiр бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.