Қызылорда облысының Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру іс-шаралары барысында 31 жастағы әйелдің Телеграмм месенджері арқылы экстремистік материалдарды таратқаны анықталды.
Зерттеу барысында қала тұрғынының деструктивті діни ағым ұстанушысы екендігі белгілі болды.
Оған қатысты ҚР ҚК-нің 174-бабы 1-бөлігімен тергеп-тексеру амалдары басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Қызылорда қалалық сотының үкімімен азаматша кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылауға алынды.