• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Заң 29 Мамыр, 2024

Шетелдегі қылмыстық топтың басшылары Қазақстанда ұсталды (видео)

916 рет
көрсетілді

Қазақстан Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Бас прокуратура бірлесіп, шетелдегі қылмыстық топтың 4 өкілін ұстады, деп жазады Egemen.kz.

Елде ірі транзиттік маршруттардың болуы және мемлекеттің тұрақты дамуы шетелдік инвесторларды ғана емес, шетелдік криминалитет мүшелерін де қызықтырады.Сондықтан Қазақстанның құзырлы органдары қоғамдық өмірге теріс ықпал ететін шетелдіктердің елге кірмеуін бақылауда ұстайды.

Нәтижесінде, өткен жылы Қазақстан аумағына жақын шет елдерден кірмек болған қылмыстық топтың төрт өкілі шекарада тоқтатылды.

«Биыл 19 мамырда Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы және ҰҚКД жедел мәліметтер бойынша қылмыстық ортада «заңдағы ұры» атағына ие 1963 жылы туған іргелес мемлекет азаматының ел аумағына кіру фактісін анықтады. Қолда бар мәліметтерге сәйкес Ресейдің сот органдары оған қатысты Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 210.1-бабы «Қылмыстық иерархияда жоғары дәрежені иелену» бойынша іс қарауына алған», деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Күдікті Орал қаласының полициясына жеткізілді. Қажетті тексеру іс-шараларын өткізгеннен кейін ер адам Қазақстан аумағынан Ресейге жіберіліп, көрші мемлекеттің құқық қорғау органдарына беріледі.