• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 29 Мамыр, 2024

Алматы аудандарының бірінде суық су өшіріледі

115 рет
көрсетілді

Алматының Түрксіб ауданында 30 мамыр күні таңертеңнен кешке дейін су желілерінде жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілуіне байланысты суық су өшіріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Алматы су» мекемесінің мәліметінше, 30 мамырда сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін су құбыры желілеріндегі технологиялық жабдықтарды ауыстыру және жаңа су құбырын қосу бойынша жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

Осыған байланысты Энгельса-Волгоградская Радус Зенковича-Спасская-Бекмаханова көшелерінің бойындағы Нижняя Пятилетка тұрғын алабында суық су беру уақытша тоқтатылады.

Сондай-ақ Лермонтов-Волгоградская-Нұрсая Спасская көшелерінің алаңында тұратын тұтынушыларға су қысымының төмендеуі күтілетіні ескертілді.

Сонымен қатар жабық клапандар мен басқа да технологиялық жабдықтарды ауыстыру бойынша жұмыстарды уақтылы аяқтау аталған аудандардағы тұтынушыларды сапалы және тұрақты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті