• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Оқиға 30 Мамыр, 2024

Ақсу зауытындағы өрт: зардап шеккен краншы қыз қайтыс болды

107 рет
көрсетілді

Ақсу ферроқорытпа зауытында болған өртте қатты термиялық күйік алған жас краншы қыз қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, краншы қыз 29 мамырда қайтыс болды. Бұған дейін жәбірленушінің Павлодардағы ауруханада ес-түссіз күйде жатқаны, оны 25 мамырда Ақсудан санитарлық авиациямен алып кеткені хабарланды. Ауруханаға түскен сәттен бастап оның жағдайы өте ауыр болды. Зауыт жұмысшысының өлімі туралы ақпаратты Павлодар облысының еңбек басқармасы растады.

Краншы зардап шеккен төтенше жағдайдың себептері мен мән-жайын арнайы комиссия тексеріп жатыр.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, шлак салынған шөміш суы бар шұңқырға түсіп, соның салдарынан металл ағып кеткен», деп түсіндірді Павлодар облыстық еңбек басқармасы.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті