Маңғыстау облыстық полиция басқармасы 59 жастағы ер адамды ұрлап, өлтірді деген күдікпен ұсталған екі әскери қызметші оқиғасына қатысты түсініктеме берді, деп жазады Egemen.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.
Тергеу мәліметінше күдіктілер марқұмның басын кесіп, көміп тастаған. Осы қылмысты жасады деген екі күдікті ұсталған. Ал қылмысқа қатысы бар үшінші адам іздестіріліп жатыр. Қолға түскен күдіктінің бірі бұрынғы әскери қызметкер екені анықталып отыр.
Оқиғаны облыстық полиция басқармасы растап, түсініктеме берді.
«Адам ұрлығы мен өлтіру деректері бойынша 2 күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Үшінші күдіктіні ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді», деді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әйгерім Ибатуллаева.