• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Сенат 30 Мамыр, 2024

Мәулен Әшімбаев: Ұлттық ғылым академиясы министрліктің бір департаменті болмауы керек

108 рет
көрсетілді

Бүгін Сенат отырысында Палата Төрағасы осылай деді. Іс-шара барысында депутаттар ғылым және технологиялық саясат туралы заңды қараған болатын. Бұл заңда Ұлттық ғылым академиясының қызметіне қатысты нормалар да бар, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысы Академияның жұмысын жандандыру үшін нақты міндеттер жүктегенін айтып, оны бірлесіп іске асыру керектігін тілге тиек етті. Сондай-ақ ол бұл ретте Ғылым академиясының дербестігін қамтамасыз ету аса маңызды екенін атап өтті.

«Ұлттық ғылым академиясы – дербес ұйым. Ол министрліктің бір департаменті болмауы керек. Академия ғылымға, мемлекеттің болашағы мен экономикасына қатысты ойлар ашық айтылатын, түрлі пікірталастар болатын жер. Сондықтан аталған ұйымды әлемдегі стандарттарға сай дамытамыз десек, оның дербестігін қамтамасыз етуіміз керек. Академияның заңда көрсетілген құзыреттерімен мәртебесі болуға тиіс. Сол себепті тиісті құқықтық базаны әрі қарай да дамыту қажет деп есептейміз», деді Сенат Спикері.