• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Спорт 30 Мамыр, 2024

Асық атудан жеткіншектер арасында ел чемпионаты өтеді

89 рет
көрсетілді

Республикалық Асық ату федерациясы 31 мамыр - 3 маусым аралығында Астана қаласында асық ату спортынан 2014-2016 жылдары туған балалар (ұлдар, қыздар) арасында жекелей-командалық Қазақстан чемпионатын өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Іс-шара Туризм және спорт министрлігінің, Ұлттық спорт қауымдастығының және Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының қолдауымен өтеді.

Чемпионатқа еліміздің 17 өңірінен, атап айтқанда, Алматы, Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, БҚО, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, СҚО, Түркістан, Ұлытау облыстарынан және Астана мен Алматы қалаларынан келген жас асықшылар қатысады.