• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
15 Қаңтар, 2015

Ислам Каримов президент сайлауына қатысады

376 рет
көрсетілді

АСТАНА. 15 қаңтар. Өзбекстанның іс басындағы президенті Ислам Каримов тағы да мемлекет басшылығы орынтағы үшін болатын сайлауға қатысады. Бұл туралы ras.kz хабарлады. Өзбекстанда президент сайлауы 2015 жылғы 29 наурызда өтетін болып белгіленген. 76 жастағы И.Каримов президентке үміткерлікке сәрсенбі, 14 қаңтар күні өткен либерал-демократиялық партияның съезі барысында ұсынылды. Ол осылайша алдағы сайлаудағы ең алғашқы кандидат болып тіркелді. Бұдан бұрын баспасөзде Ислам Каримовтың ықтимал ізбасары ретінде вице-премьер Рустам Азимов пен өзбек қауіпсіздік қызметінің басшысы Рустам Иноятов айтылып жүрген еді. Өзбекстанда президент сайлауы науқаны өткен жылдың 26 желтоқсанында басталды. Бұл елде президент бес жылдық мерзімге сайланады. Өзбекстан президенттігіне жастары 30-дан асқан, сайлау алдындағы республика аумағында тұрып келе жатқан мерзімі 10 жылдан кем емес азаматтар дауысқа түсе алады. Кандидаттарды ұсыну, мемлекет басшысын сайлау туралы заңға сәйкес, дауыс беруге 65 күн қалғаннан 20 күн ішінде жүргізіледі. Өзбекстанда мұның алдындағы сайлау 2007 жылы өтіп еді. Сол жолы Ислам Каримов үшінші мерзімге сайланған. Ал Өзбекстан Конституциясы бір адамның қатарынан екі реттен артық мемлекет басшысы орынтағын иемденуіне тыйым салады. Алайда, саясаткердің жақтастары содан бергі аралықта Негізгі заңға екі рет өзгеріс енгізілуіне байланысты (алдымен президенттік мерзім 7 жылға ұзартылды, сосын қайтадан 5 жылға түсірілді) Каримовтің бұрынғы екі реттік президентігін сызып тастап, осыдан кейін қайтадан «нөлден бастатқызды». Ислам-ака Абдуганиевич Каримов іс жүзінде Өзбекстан республикасын 1989 жылдан бері үздіксіз басқарып келеді. Осы жылы ол Өзбекстан КСР компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды. 1991 жылы бірінші рет Өзбекстан президенті болды. Арада төрт жыл өткеннен кейін Каримовтің президенттік уәкілеттілігі референдум жолымен 2000 жылға дейін созылды. Ал 2000 жылғы 9 желтоқсанда екінші мәрте президент болып сайланды. Айдар Өрісбаев. Дерек: ras.kz. Сурет: rbc.ru.