• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 31 Мамыр, 2024

«Халық заңгері»: 150 мыңнан астам азамат тегін заңгерлік көмек алды

96 рет
көрсетілді

Қазақстанның барлық қалалары мен елді мекендерінде республикалық ауқымда «Халық заңгері» акциясы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Аталған акция халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және тегін заңгерлік кеңес беруге бағытталған. Осы шара аясында заң көмегіне жүгінген 150 мыңнан астам адам тегін заңгерлік кеңес алды.

Шараны Әділет министрлігі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Zakon.kz және «Параграф» Ақпараттық жүйесі қызметкерлері ұйымдастырды.

Шараға 1000-нан астам маман қатысты. Олардың қатарында мемлекеттік органдардың өкілдері, жетекші заңгерлер, адвокаттар, нотариустар және жеке сот орындаушылар бар.

Іс-шара Үкімет қолдауымен өтті.