• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 31 Мамыр, 2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

85 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен перспективаларын талқылап, қарым-қатынастардың стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында дамып келе жатқанын атап өтті.

Мемлекеттер басшылары екі ел үкіметтерінің сауда-экономикалық, инвестициялық, өнеркәсіптік және мәдени-гуманитарлық салаларда бұған дейін қол жеткізген уағдаластықтарды жүзеге асыру бағытындағы үйлесімді іс-қимылдарын жоғары бағалады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, алдағы кездесулердің кестесін пысықтады.