• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 31 Мамыр, 2024

Киіктен келген шығынды есептеудің әдістемесі әзірленбеген – вице-министр

64 рет
көрсетілді

Жайылым жер тапталып, шаруалардың зиянға ұшырайтыны айтылып, киіктерді атуға рұқсат берілгенімен, киіктен келген шығын мөлшері есептелінбеген. Бұл туралы Сенат отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Біз барлық жабайы жануарларды зерттейміз, бірақ олардың санын реттемейміз. Демек, бұл (диқандар киіктерден келген шығынды өтеу үшін шамамен 100 миллиард теңге сұрады деген ақпарат – редактордың ескертпесі //www.uralskweek.kz/kz/) шындыққа жанаспайды. Біз шығынды өтеу үшін ақша сұрамаймыз. Бізде зиянды өтеу әдістемесі әзірленбеген. Зиянды өтеуден бұрын фермер өз қаражатының бір бөлігін жұмсауы керек. Біздің бөкен жағдайында бұл – жайылым. Фермер ешқандай шығын шығарған жоқ, ақбөкендер жегенге дейін және кейін шөптің қанша центнерге жеткенін анықтау мүмкін емес», деді вице-министр.

Ол киіктерді атуға рұқсатты Ауыл шаруашылығы министрлігі емес, Экология министрлігі бергенін түсіндірді. Ал оның бөлімшесі шаруаларға бір теңге де өтемақы төлемеген.