• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Қоғам 31 Мамыр, 2024

Биыл жас ғалымдарға 200 пәтер беріледі

154 рет
көрсетілді

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда өтіп жатқан ғалымдармен кездесуінде айтты, деп жазады Egemen.kz.

«Біз ғалымдарға жағдай жасау керек деп жиі айтамыз. Бұл – құр сөз емес. Мемлекет тарапынан нақты жұмыс жасалып жатыр. Алдағы екі жылда жас ғалымдардың зерттеуіне бөлінетін грант саны тағы да көбейеді. Бюджеттен 18 миллиард теңге бөлінеді», деді Президент.

Қасым-Жомарт Кемелұлының айтуынша, өткен жылы 284 жас ғалым баспанаға ие болды.

«Биыл менің тапсырмаммен оларға тағы 200 пәтер беріледі. Осындай нақты шаралар арқылы еліміздегі ғылымды және жалпы ғалымдар қауымын қолдау жұмысы алдағы уақытта да жалғасын табады», деп түйіндеді Мемлекет басшысы.