• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
ANTIKOR 03 Маусым, 2024

Полицейдің пара алғаны әлеуметтік желіде тарап кетті

1705 рет
көрсетілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет желіде жарияланған жазба арқылы пара алу фактісіне қатысы бар полицейді анықтады, деп жазады Egemen.kz.

Алматылық полицейдің заңсыз әрекеті 17 мамыр күні желіге жүктелген.

Пара беруші қаржыны алу, беру процесін толық видеоға түсірген. Антикор әлеуметтік желідегі жазбаларды талдау барысында осы бейнежазбаға да назар аударып, сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Полицейлер шетелдік азаматқа қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қолданбауы үшін пара алған.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр. Агенттік қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейтінін мәлімдеді.