Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Түркіменстан, Тәжікстан елдерінің 135 оқушысы арасында Ташкентте Әл-Харезми атындағы халықаралық математика олимпиадасы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасы 100% нәтиже көрсетіп, 2 алтын, 1 күміс, 1 қола, барлығы 4 медаль жеңіп алды:
Шерхан Жақсылық – Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арналған «Білім-инновация» мамандандырылған мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы; Орынбасар Бердібек – Атырау облыстық №1 «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы; Темірлан Әбішев – Атырау облыстық №1 «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы; Батырхан Аружан – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 8-сынып оқушысы.Құрама команданың жетекшісі – Ибрагим Ибатулин, «Үздік педагог» номинациясының иегері, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы.
Естеріңізге салайық, бірінші олимпиада 2023 жылы өтіп, оған 5 елден 72 қатысушы жиналған. Онда Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс медальді еншілеген.