• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 04 Маусым, 2024

Астанада алғаш рет ерекше балаларға арналған велошеру өтті

131 рет
көрсетілді

Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен «Velolegend» қоғамдық бастамашыл тобының ұйымдастыруымен, қала әкімдігі қолдауымен аутизмі және ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналып алғаш рет «Ерекше әлем» атты жаппай бұқаралық велошеру өтті, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Велошеруде сөз алған №6 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің басшысы Бауыржан Утегенов: «Қай халықтың болмасын елдігін, салт-дәстүрін болашаққа апаратын жас ұрпақ. Мемлекет басшысы «Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі», деп айтқан болатын. Елімізде ерекше балаларды қосымша біліммен және спортпен қамтамасыз ету бағытына ден қойылып, барлық жағдай жасалып келеді. Балалардың спорттық әлеуетін дамытуға, олардың қоғамнан шет қалмай, тең дәрежеде барша мүмкіндіктерге қол жеткізе алуында бүгінгі шараның маңызы зор», деді.

Шараға 50-ге жуық ерекше балалар мен олардың ата-аналары қатысты. Олар 5 және 10 км қашықтықтарды «Үркер» (Ильинка) тұрғын алабының саябағынан бастап бағындырды.

Бұқаралық велошеруге немересі Амира Калиеваны қолдауға келген Рысты Кабдуллина алғысын білдірді. 

«Мұнда өздерінің балаларын, немеререлерін қолдауға көптеген жандар келіп отыр. Бәріміз толқып тұрмыз. Бұл ерекше мүмкіндіктері бар балалар арасында өтіп жатқан алғашқы жарыс. Қала әкімдігіне ризашылығымды білдіремін. Біз үшін бұл жарыс емес, мерекелік іс-шара», дейді Рысты әже. 

Велошерудің соңында әр қатысушы медальмен және «Лимпопо» спорттық дүкені ұсынған сертификаттармен марапатталды.