• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Маусым, 2024

Қазақтың бесігі қоқыста жатыр: Астанада болған оқиғаның бейнежазбасы көпшілікті шошытты

72 рет
көрсетілді

Әлеуметтік желіде қоқысқа тасталған бесіктің бейнежазбасы тарап кетті. Бұған қатысты көпшілік түрлі пікір білдіріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Видеоны qazplov1 есімді желі қолданушысы жариялаған. Бейнежазбаға 10 мыңға жуық лүпіл басылып, 3000-нан астам пікір жазылған.

- Бұрын әлеуметтік желіден осындай видеоларды көрсем, сенбейтін едім. Өкінішке қарай, қазақтың бесігі қоқыста жатыр. Бесікті бұлай тастап кете алмаймын. Үйімнің шатыры бар, соған апарып қояйыншы. Бұлай қоқыста жатпасыншы. Керек адамға берермін. Біздің тұрғын үй кешенінің тұрғындары ғой мұны істеп отырған, - деп жазды видео авторы.   

 

@qazplov1 #мусордағыбесік ♬ оригинальный звук - Qaz plov