• RUB:
    5.41
  • USD:
    476.27
  • EUR:
    515.47
Басты сайтқа өту
Әлем 05 Маусым, 2024

Ресейге адыраспан кіргізгендер сотталады

89 рет
көрсетілді

Ресей «гармала», яғни адыраспанды құрамында есірткі немесе психотроптық заттар немесе олардың прекурсорлары бар өсімдіктер тізіміне енгізді, деп жазады Egemen.kz.

Адыраспанды Ресей Федерациясының Мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз өткізгені үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру және бір миллион рубльге дейінгі айыппұл салу көзделген.

Аталған елге ірі мөлшерде адыраспан тасымалдағандарды 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген.

Бас прокуратура демалыс кезінде Ресей Федерациясымен қарым-қатынас артатындықтан Қазақстан азаматтарына мемлекеттік шекарадан адыраспан алып өтпеуді ескертті.