• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Оқиға 05 Маусым, 2024

Қызылордада белгісіз біреу 3 оқушыны пышақтап кеткен

102 рет
көрсетілді

Оқиға 5 маусымға қараған түні болған. Қаладағы мектеп маңында белгісіз біреу үш жасөспірімді пышақтап, тайып тұрған, деп жазады Egemen.kz.

9-сынып оқушыларының үшеуі де аяғынан жараланған. Оларға ауруханада алғашқы көмек көрсетіліп, үшеуі де үйлеріне жіберілді.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды», делінген облыстық полиция департаменті таратқан хабарламада.